Адал Профи

Адал Профи

Құрылыс компаниясы

+7 (777) 848 84 84
+7 (702) 492 77 33
біз картадан
болып табылады

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«АДАЛ ПРОФИ» компниясының құрылу тарихы 2007 жылдан бастау алады. Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты бұл кезеңдегі ел экономикасы қиын жағдайды бастан кешіп жатқан еді.

Кәсіптің дамуы мен нығаюы үшін осындай ауыр әрі қиын жылдары серіктестер мен пікірлестер (ниеттестер) өздерінің бар күш-жігерлерін құрылыс саласында жаңа компания құруға біріктірген жөн деп шешті. Энтузиазм мен ортақ еңбектің негізінде шағын кәсіпорын «АДАЛ ПРОФИ» ЖШС-і құрылды. Оның құрамына құрылыс пен қаржы саласындағы, біздің еліміздің экономикасын дамытуға өз күштері мен таланттарын қосуға дайын жас амбициозды мамандар кірді.

Қалыптасуы мен дамуы жылдарында «АДАЛ ПРОФИ» ЖШС-і тұрғын үй нысандарының құрылысы бойынша таң шеңберде мамандандырылған мердігерден «толықтай дайындалатын» масштабты жобаларын орындауға қабілетті көп профильді компанияға дейінгі жолдан өтті.

Өз жұмысын Астана қаласында жөндеу және қоймалық жұмыстардан бастаған компанияға кейін біздің астанамыздың инфрақұрылымының динамикалық дамуына орай постдағдарыстық кезеңде масштабды құрылыстар жүзеге асыра бастаған, ірі құрылыс ұйымдарынан тапсырыстар түсті.


Бүгінде «АДАЛ ПРОФИ» ЖШС-і Батыс Қазақстандағы жобалардың іске асуын жүзеге асырады. 2014 жылдың орта кезеңінен бастап Орал қаласында жылына 8 тонна қара уылдырық және жылына 64 тонна бекіре тауары өнеркәсіптік өндірісі бойынша Қазақстандағы алғашқы аквамәдениет кешенінің құрылысы жүзеге асырылады.

Бұдан басқа «АДАЛ ПРОФИ» Батыс Қазақстан облысының Чинаровск кен орынындағы «3-газ кешенді дайындығын орнату» зауытының құрылысына қатысады.

Өзінің қызмет еткен жылдарында «АДАЛ ПРОФИ» компаниясы түрлі мақсаттағы ондаған нысандар тұрғызды. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, көп функциональды бизнес-орталықтар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік инфрақұрылымының нысандары бар.

«АДАЛ ПРОФИ»-ді құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап біздің басты мақсатымыз табысты және алдыңғы қатарлы құрылыс-монтаждық компаниясын өмірге әкелу болды. Біздің командамыз үнемі жетілдіріліп және дамып отыратын, барлық жаңа мен прогрессивтіні қабылдауға бейім компанияның алдыңғы қатарлы және көшбасшы бола алатынына әлденеше рет көз жеткізген болатын. Оның үстіне біздің клиенттеріміздің сенімі біз үшін жетістік көрсеткіші болып саналады.

Осы мақсатты біз компанияның ішкі де, сыртқы да саясатында ұстанамыз. Біздің компанияның басты белсенді бөлігі оның қызметкерлері, осыған орай біз қызметкерлерді іріктеуге, оларды оқыту мен мотивациясына ерекше көңіл бөлеміз. Біздің ортақ мақсатымыз компаниядағы корпоративтік рухты көтеруге жағдай жасап, ірі және күрделі жобаларды жүзеге асыру үшін қысқа мерзімде жұмылуға бейім (қабілетті) профессионалдар (өз ісінің шеберлері) командасын біріктірді.

Біз өз тарихымызды шағын компания ретінде бар болғаны бірнеше адамы бар штатпен бастадық. Бүгінгі таңда біз жобалары еліміздің түрлі аймақтарында көрсетілген қарқынды дамушы компаниямыз. Осы жылдар ішінде біздің команда өзін сенімді мердігер ретінде көрсете білді.

«АДАЛ ПРОФИ» компаниясының қызметкерлері қашанда бірінші болуға ұмтылады – жаңа құрылыс технологиялары, материалдары оқытылады, корпоративті басқарудың заманауи әдістері қолданылады. Осылайша компания өзінің қалыптасу кезеңінің өзінде жоғары деңгейлі заманауи құрылыстың үлгілерін көрсете бастады, ал бұл бізге көп профильді компания болуымызға жол ашты. Біздің біртұтас мақсатымыз бен корпоративті рух бізге қысқа мерзімде алға қойған міндеттерімізге қол жеткізуімізге және өзіміз бен біздің серіктестерімізге арналған жаңа болашақ құруға мүмкіндік берді.

БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

Сапа

Сапа

Сенімділік

Сенімділік

Мамандық

Мамандық

Тәжірибе

Тәжірибе

Адал Профи Құрылыс компаниясы
+7 (777) 848 84 84
+7 (702) 492 77 33
Мекенжай: Қазақстан, Батыс Қазақстан
Орал, Придорожная көшесі, 10/3
Copyright © АДАЛ ПРОФИ 2007-2021
Барлық құқықтар қорғалған
Сайт жасау - студия Web-inSite