Адал Профи

Адал Профи

Инжинирингтік компания

+7 (777) 848 84 84
+7 (702) 492 77 33
біз картадан
болып табылады

ҚЫЗМЕТ САЛАЛАРЫ

Біздің компаниямыздың қызметі бірінші кезекте құрылыс саласымен байланысты және сапа мен сенімділіктің барлық стандарттарына сәйкесті нәтижелі, инновациялық және заманауи бизнесті дамыту бойынша жағдай жасауға және алға қойған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған.

Біздің құрылыс саласындағы жинақталған тәжірибеміз соңғы жылдар ішінде түрлі салаларда: ғимараттар мен құрылыстардың өнеркәсіптік-азаматтық құрылысы, автожолдық және темір жолдық құрылыста іске асырылған алуан түрлі жобалармен көрсетілді.

Қолда бар ресурстардың арқасында, интеллектуалдық және өндірістік тұрғыда «АДАЛ ПРОФИ» түрлі күрделілік пен масштабтағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мүмкіндігіне ие.

Қызметтегі осы жан-жақты бағыт бізге технологияларымен, мамандарымен, жұмысты ұйымдастыруымен және қолданылатын техникасымен бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ бір ірі кешенді жобаға кіретін инфрақұрылымдық жобалардың алуан түрлерін бірмезгілде іске асыруға мүмкіндік береді.

Орындалатын жобалардың сәтті іске асуы үшін біз өз қызметімізде нәтижеліліктің профессионализммен, жоғары құзіреттілікпен, тәжірибемен, индивидуальді ықпалмен және инновациялармен бірлескен экономикалық принциптерін негізге аламыз.

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРЫЛЫС

Өнеркәсіптік құрылыс – біздің қызметіміздің тірек түрі болып табылады, себебі аталмыш бағыттағы жобаларды іске асыру үшін құрылыстың түрлі профилді салаларындағы біздің мамандардың еңбегі пайдаланылады. Біздің компания түрлі күрделіліктегі жобаларды жүзеге асырады, оның үстіне команданың ретке келтірілген жұмысы жобаларды бекітілген мерзімде тапсыруға мүмкіндік береді, ал мұны біздің клиенттер ерекше бағалайды.

Қалыптасу мен даму жылдарында біз құрылыстың осы саласында баға жетпес тәжірибе жинадық және бұл да бізге практикада түрлі нысандарда орындалған жұмыстардың реттілігі мен сапасын дәлелдеген профессионалдардың топтасқан командасын жинауға жол ашты.

КӨЛІКТІК (ТРАНСПОРТТЫҚ) ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Автомобильдік және темір жол құрылысы кез келген елдің даму көрсеткіші болып саналады. Қалыптасқан тарихи және географиялық факторлардың негізінде Қазақстан территориясы Еуропа мен Азияның арасындағы басты көліктік күретамырдың бірі болып есептеледі.

Біздің ел үшін автожолдық және темір жолдық қызметтегі нысандар құрылысы бүгінгі күнде стратегиялық экономиканың одан әрі қарай өсуіне арналған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Біз көліктік инфрақұрылымдық құрылыстағы сапалы әрі профессионалдық ықпалдың өсіп келе жатқан ролін ұғынып, осы бағытпен байланысты түрлі жобаларға белсене қатысамыз, ал бұл бағыт автокөліктік және темір жол инфрақұрылымының құрылысынан: жолдардан, көпірлерден, тоннелдер мен басқа да көптеген бағыттардан тұрады.

КӨЛДЕНЕҢ БҰРҒЫЛАУ

Жер асты коммуникацияларын төсеуге арналған көлденең бағытталған бұрғылау бұл біздің көп профильді қызметімізде ерекше орын алатын сыртқы инженерлік желілер құрылғысының заманауи траншейтсіз әдісі.

Көлденең бұрғылау арнайы бұрғылау қондырғыларымен жүзеге асырылады және оның маңызды артықшылықтары бар:

  • қолжетімділігі қиын жерлерде: суқоймалар, жыралар астында, орман алаптарында, тастақты жерлерде, электр жеткізудің жоғары вольтті линияларының қорғау аймақтары мен түрлі қызметтегі магистралды құбыр өткізгіштерде, қалалық тығыз құрылыс жағдайларында: автомобиль жолдарының, скверлер мен сая бақтар астында коммуникацияны төсеуді жүзеге асыру;
  • коммуникация төсеуді участкелердің жабдықталуын бұзбай, табиғат ландшафтарын сақтай және қоршаған ортаны ластамай жүзеге асыру мүмкіндігі;
  • жердің беткі қабатындағы зақымданған участкелердің инфрақұрылымын: жолдарды, жасыл өсімдіктерді, алаңдарды және с.с.қайта қалпына келтіруге шығынның шықпауы;
  • жұмыс жүргізілетін жерлердегі жұмыс мерзімдері мен көлемін қысқарту; құрлық көлігінің барлық түрін тоқтатуға қажеттіліктің, жолды жабудың жоқтығы, қажетті жұмыс күші мен ауыр техника санын қысқарту, апатты жағдайлар қаупін төмендету.

БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

Сапа

Сапа

Сенімділік

Сенімділік

Мамандық

Мамандық

Тәжірибе

Тәжірибе

Адал Профи Құрылыс компаниясы
+7 (777) 848 84 84
+7 (702) 492 77 33
Мекенжай: Қазақстан, Батыс Қазақстан
Орал, Придорожная көшесі, 10/3
Copyright © АДАЛ ПРОФИ 2007-2022
Барлық құқықтар қорғалған
Сайт жасау - студия Web-inSite