Адал Профи

Адал Профи

Инжинирингтік компания

+7 (777) 848 84 84
+7 (702) 492 77 33
біз картадан
болып табылады

Бас бет

БАСШЫЛЫҚТЫҢ ПІКІРІ

«Мен компаниямыздың өзінің қалыптасуы мен даму жылдарында үлкен серпіліс жасағанын мақтан тұтамын. Ол қазіргі сәтте өз қызметін экономиканың түрлі салаларында жүзеге асыра алатын, бірнеше энтузиасттардан бір мақсатпен және ниетпен біріккен көп мақсатты және нәтижелі кәсіпорынға айналды.

Қазіргі заманғы нарықтық жағдайларда біздің саламызда өз қызметтерін ұсынушы көптеген компаниялармен бәсекелесу оңай емес. Бірақ АДАЛ ПРОФИ» ЖШС-і өз қызметкерлерінің табандылығы мен іскерлігінің арқасында құрылыстық қызмет көрсету және болашақтағы сервистік қызмет көрсету саласындағы өз қызметін жақсартуға, жетілдіруге ұмтылатынын дәлелдеді және дәлелдейді.

Бүгінгі күні мен біздің ортақ командамыздың қол жеткізген нәтижелері мен жетістіктеріне қуанатынымды сенімді түрде айта аламын. Бизнесті дамытудың стратегиясын дұрыс жолға қоюдың және қызметкерлерді марапаттаудың арқасында біз көрсетілетін қызметтерді жетілдіру, серіктестермен және клиенттермен қарым-қатынасты жақсарту және бір жыл бұрын алға қойған мақсаттарға жету саласында компанияның одан әрі қарай нәтижелі дамуына негіз салған компанияның миссиясы мен негізгі принциптерін дайындадық.

«АДАЛ ПРОФИ» ЖШС-і – бұл әрқашан өзіне жүктелген міндеттемелерді орындайтын серіктес, бұл ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған сенімді әрі берік іскерлік байланыстар, бұл бірлескен мақсаттарға жетудегі нәтижелілік пен жетістік.

Біз бірлескен жобаларды дамыту және жүзеге асыру тұрғысында барлық потенциалды серіктестермен ынтымақтастыққа дайынбыз.
»

Құрметпен,
Ж.Е. Карибеков

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«АДАЛ ПРОФИ» компниясының құрылу тарихы 2007 жылдан бастау алады. Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты бұл кезеңдегі ел экономикасы қиын жағдайды бастан кешіп жатқан еді.

Кәсіптің дамуы мен нығаюы үшін осындай ауыр әрі қиын жылдары серіктестер мен пікірлестер (ниеттестер) өздерінің бар күш-жігерлерін құрылыс саласында жаңа компания құруға біріктірген жөн деп шешті. Энтузиазм мен ортақ еңбектің негізінде шағын кәсіпорын «АДАЛ ПРОФИ» ЖШС-і құрылды. Оның құрамына құрылыс пен қаржы саласындағы, біздің еліміздің экономикасын дамытуға өз күштері мен таланттарын қосуға дайын жас амбициозды мамандар кірді.

Қалыптасуы мен дамуы жылдарында «АДАЛ ПРОФИ» ЖШС-і тұрғын үй нысандарының құрылысы бойынша таң шеңберде мамандандырылған мердігерден «толықтай дайындалатын» масштабты жобаларын орындауға қабілетті көп профильді компанияға дейінгі жолдан өтті.

Өз жұмысын Астана қаласында жөндеу және қоймалық жұмыстардан бастаған компанияға кейін біздің астанамыздың инфрақұрылымының динамикалық дамуына орай постдағдарыстық кезеңде масштабды құрылыстар жүзеге асыра бастаған, ірі құрылыс ұйымдарынан тапсырыстар түсті.

Толығырақ...

БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

Сапа

Сапа

Сенімділік

Сенімділік

Мамандық

Мамандық

Тәжірибе

Тәжірибе

Адал Профи Құрылыс компаниясы
+7 (777) 848 84 84
+7 (702) 492 77 33
Мекенжай: Қазақстан, Батыс Қазақстан
Орал, Придорожная көшесі, 10/3
Copyright © АДАЛ ПРОФИ 2007-2022
Барлық құқықтар қорғалған
Сайт жасау - студия Web-inSite